1.07.2024, 19:00
Оқылды: 75

Бөкей ордасы ауданы: аудан әкімі қауымдастық мүшелерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов облыс орталығын мекен еткен бөкейлік ағайынмен кездесті. Аудан басшысы "Бөкейліктер" қауымдастығының мүшелерімен кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жоспар, алдағы міндет-мақсаттармен бөлісті.

IMG-20240701-WA0088

Кезінде сан салада қызмет еткен қауымдастық мүшелері әкімнің назарына аудан өміріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ұсынды.

IMG-20240701-WA0092

Шара соңында өткен жылы ардагерлер арасында өткен облыстық жарыстың жеңімпаздары мен Орал қаласындағы көктемгі су тасқыны кезінде тасқынның алдын-алуға келген ерікті жасақтардың жанынан табылып, қолдау көрсеткен бір топ азаматтарға алғысхаттар табыс етті.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале