Хан ордалық кәсіпкер Бейбіт Ахметов он екі айдың сұлтаны Рамазан айында сауапты істі қолға алыпты.
Өз еңбегімен кәсіп бастап, нәпақасын адал тауып жүрген Бейбіт ағамыз әр жұма сайын ауылдастарының автокөлігін тегін жуып бермекші.
Бүгінгідей толарсақтан саз кешкен балшықты ауа райында көлік тізгіндеген ағайынға "темір тұлпарын" күн сайын болмаса да, екі күнде бір тазартып бір жуып алуға тура келетіні анық.
- Нан табарым осы кәсіп. Күллі мұсылман үшін қасиетті айда қолымнан келген тірлігімді жасап, ауылдастарыма бір жақсы іс қылайын деп шештім. Тек оразада ғана емес жыл он екі айда да бір-бірімізге жақсы ниет танытып, қолдау көрсетіп жүрсек, өмір де мәнді, тірлік те сәнді болар еді, - дейді ағамыз.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы