13.07.2024, 9:19
Оқылды: 138

Бөкей ордасы ауданы: Бөрліде семинар өтті 

Бөкей ордасы ауданы басшысы Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен «Шөлейт аймақта мал азықтық дақылдары өсіру технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

FB_IMG_1720810112827 (1)

Аталмыш жиынға арнайы БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Рүстем Зұлқашев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті Бейбіт Нәсиев, «УСХОС» ЖШС «Суарылмайтын егіншілік және жемшөп өндірісі» бөлімінің меңгерушісі Төлеген Бөлеков және осы серіктестіктің ғылыми қызметкері Жасқайрат Бекеев, «АлемАгро Холдинг» ЖШС облыстық өкілдігінің агрономы Нұрбол Мұхамбетжанов арнайы келіп, қатысты.

FB_IMG_1720810117427

Жоғарда аталған делегаттармен қатар, аталмыш семинарға Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарының қожалық жетекшілері мен тиісті мекеме басшылары да қатысқан болатын.

Семинар барысында Бейбіт Нәсиев, Төлеген Бөлеков және Нұрбол Мұхамбетжанов өз салаларына байланысты баяндаса, облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов пен басқарма басшысының міндетін атқарушы Рүстем Зұлқашев облыс жағдайымен таныстырып өтіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

FB_IMG_1720810097560

Семинар «М.Боранбаев» ШҚ тәжірибелік алаңдарында практикалық бөлігімен жалғасты.

Еркебұлан Бисенғалиев 

Бөкей ордасы ауданы 

--

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале