5.07.2024, 23:41
Оқылды: 177

Бөкей ордасы ауданы: фельдшерлік пункттер көлікті болды 

Елорда күні қарсаңында Бөкей ордасы аудандық орталық аурухана және осы орталыққа қарасты Саралжын, Ұялы ауылдарындағы фельдшерлік-амбулаториялық пунктке су жаңа үш санитариялық автокөлік кілті табысталды.

FB_IMG_1720187130079

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

FB_IMG_1720187126303

- Кез келген мемлекет үшін басты капитал –  адам, халық. Халықтың денсаулығын жақсарту күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдардың өзінде ауданға қарасты фельдшерлік пункттер көлікті боп, ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде жақсы іс жалғасын тауып отыр. Көліктеріміз тұрғындарға дер кезінде сапалы қызмет көрсетуге себепші болсын. Арқалағандарыңыз алғыс болсын! - деп ақжарма тілегін айтты.

Ардагер-дәрігер Нәсіп Нүркенова да әріптестерін мерекемен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.

FB_IMG_1720187133034

Медицина саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздеген бұл шараға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері, еңбек және сала ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы төрт ауылдық округтің медициналық пункттеріне санитариялық көлік берілген еді. Қысқасы, ауданға қарасты медициналық ұйымдар түгел көлікпен қамтамасыз етіліп отыр.

Ұлпан Әнуарқызы  

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале