Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі негізінде аудан әкімінің өкімімен Бөкей ордасы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Құрмашев Исатай Рахметоллаұлы тағайындалды.
Жаңа бөлім басшысын ұжымға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Исатай Құрмашев 1989 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2011 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2013 жылы БҚИГУ-ді «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2012 жылы аудандық «Орда жұлдызы» газетінің корректоры болып бастаған.
2013-2014 жылдары - аудандық ішкі саясат бөлімінің статисті,
2014-2016 жылдары - аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы,
2016-2021 жылдары - аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ басшысы,
2021-2023 жылдары – «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бастап күні бүгінге дейін аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.
Отбасылы, 2 баласы бар.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
--