Бөкей ордасы ауданы аудандық кәсіпкерлік бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының ішкі конкурстың нәтижесінде аудан әкімінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 33-ө өкімімен бұл лауазымға Нүркен Мендіқұлұлы Топасов тағайындалды.
Нүркен Топасов 1987 жылы Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2009 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Экономика» мамандығы, 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Бөкей ордасы аудандық қаржы бөлімінде экономист көмекшісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары аудандық орталық ауруханада экономист, бас экономист; 2011-2012 жылдары Бөкей ордасы аудандық салық басқармасында бас маман;
2012-2013 жылдары аудандық Қазынашылық басқармасында бас маман
2013-2021 жылдары аудандық экономика және қаржы бөлімінде бас маман
2021- осы уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Отбасылы, 1 ұл, 3 қызы бар.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жаңа лауазымға тағайындалған басшыны аппараттық кеңесте таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Нүркен Топасов аудан әкіміне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы