Наурызнаманың онкүндігі аясында Шаңырақ күніне орай Бөкей ордасы Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде "Жақсы келін ырысың – 2024" аудандық жас келіндер байқауы өтті. Жарысқа әр округтен келіндеріміз қатысты. Үміткерлеріміз бұл сайыста аспаздығынан бастап, өнері мен бабалар өнегесі бойынша бар білгендерін сарапқа салды.
Қазылар алқасының шешімімен Айымгүл Кенжеғалиқызы (Бисен ауылы) "Парасатты келін", Әсемгүл Меңкешова (Бөрлі ауылы) "Инабатты келін", Рашида Ибраимова (Саралжын ауылы) "Пысық келін", Ынтазар Берікбаева (Мұратсай ауылы) "Ісмер келін" аталымдарына ие болды.
Сайқындық Жанна lll- орын, ұялылық Айару Айболатқызы ІІ орын, ханордалық Балзия Қартбаева l орынды иеленді.
Бас жүлдеге мұратсайлық Ырысқаным Набиғалиева лайық танылды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы