15.09.2024, 15:00
Оқылды: 93

Бөкей ордасы ауданы: мұратсайлықтар белсенділікпен қатысуда

Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр.

IMG-20240915-WA0021

- Округ бойынша 394 сайлаушы тіркелген. Түске дейін осы 394 сайлаушының 115-і өз таңдауын жасап үлгерді. Мереке Дәулетов сияқты азаматымыз ең алғаш боп кеп, дауыс берді. Шәпен Дүйсенғалиев бастаған аға буын өкілдері де әдеттегідей азаматтық белсенділіктерін көрсетуде. Ауылдан он бес сайлаушы, қыстақтардан сегіз адам деген дауыс беруге өтініш берді. Бұл сайлаушыларға түстен кейін баратын боламыз, - дейді комиссия төрағасы Қасым Есекешев.

InShot_20240915_141944254

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале