Бүгін, 17 тамызда Орда ауылдық округі әкімін сайлау науқаны басталды. Сайлау учаскелері таңғы 07:00-ден бастап өз жұмыстарын бастады. Гимн ойналып, №60 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Асылхан Қабдрахимов сайлау заңнамасына сәйкес комиссия мүшелерін таныстырып, сайлау процесіне қатысушы, атап айтқанда сенім білдірген адамдар, байқаушыларды да ережемен таныстырып өтті.

Жалпы, Орда ауылдық округінің әкімін сайлау төрт учаске бойынша өтіп жатыр. Хан ордасынан бөлек, Үштерек, Қарасу және Сейітқали елді мекендерінде өтуде.

Округ бойынша 2877 сайлаушы тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін облыс бойынша Бөкей ордасынан бөлек Жәнібек және Бөрлі аудандарында да әкім сайлауы өтіп жатыр.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы