Бүгін Сайқын ауылының бәйге алаңында Жеңіс мерекесінің 80 жылдығына арналған дала қызықтары өтті.

Алдымен аудан әкімі Нұрлыбек аудан тұрғындарын қастерлі мерекемен құттықтап, Жеңіс күнінің маңызына тоқталып: - Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Ол бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген перзенттік парыздарын, ұлттық мақтаныштарын дәлелдеді.
Біздің ата-әжелеріміздің ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпағы үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі деп ойлаймын, - деген лебізін жеткізді.
Одан әрі дала қызықтары тай жарысы, құнан жарысы, аламан бәйге, қазақша күрес, арқан тартыс, қол күресі сынды спорттық шаралармен жалғасты.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы