7.07.2024, 13:00
Оқылды: 149

Бөкей ордасы ауданы: Темір Масин ауылында әкім сайлауы өтуде

Дәл қазір Бөкей ордасы ауданы, Темір Масин ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр. Бөрлі ауылында орналасқан  №69 сайлау учаскесінде өз жұмысын салтанатты түрде бастады.

IMG-20240707-WA0007

Еліміздің гимнінің шырқалуымен басталған шара барысында учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Альфия Сәрсенова халыққа сайлау ережелерін түсіндіріп, сайлау учаскесінің жұмысымен таныстырды. Айта кетелік, екі сайлау учаскесі (№69, №70) жұмыс жасауда, 651 дауыс беруші тіркелген.

IMG-20240707-WA0011

Ең алғаш боп өз таңдауын жасаған  Темірхан Есмұханов есімді азамат.

IMG-20240707-WA0013

Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Тарих Аташев сөз алып, ел үшін маңызды науқанға белсенділікпен қатысып, таңдауын жасау әр адамның азаматтық парызы екенін жеткізді.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале