Бөкей ордасы ауданындағы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты концерт елдің татулығы мен ынтымағын дәріптеген шынайы рухани кешке айналды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз сөйлеп, жұртшылықты айтулы күнмен құттықтап, еліміздегі ұлтаралық келісім мен ынтымақтың маңызын атап өтті.
Кеш барысында жергілікті және ауылдық округтерден арнайы келген өнерпаздар түрлі ұлттың әндерін орындаса, мың бұралған бишілеріміз де әдемі өнерлерімен көрерменнің көңілінен шықты.
Сахнада әуелеген ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би мен жүрекке жылу ұялатқан көріністер — барлығы да бірлік пен берекені жырлағандай әсер қалдырды.
Бұл кеш – бейбітшіліктің, достық пен өзара құрметтің мерекесі ретінде жиналған жұртшылықтың жүрегінен орын алып, Қазақстан халқының тұтастығын тағы бір мәрте айғақтады.
Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы
