17.05.2025, 12:30
Оқылды: 495

Бөкей ордасы ауданында эпидахуал тұрақты

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың қатысуымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға арналған алқалы жиын өтті. Бас қосуға аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

IMG-20250516-WA0025

Жиын барысында халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидахуалды тұрақты ұстау, егілуге жататын контингентті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған талапты қамту көрсеткішіне сәйкес қажетті деңгейде екпемен қамту, халықты профилактикалық екпемен қамту көрсеткішін қажетті деңгейге жеткіу және т.б өзекті мәселелер күн тәрібіне қойылды. Сала мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, екпе алу көрсеткішін арттыру қажеттігін атап өтті.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Динара Олжабайқызы қазіргі жағдайға жан-жақты тоқталып, жергілікті мамандарға нақты тапсырмалар беріп, жалпы аудан көлеміндегі эпидахуалды тұрақты деп бағалады. Сондай-ақ, жұртшылықпен тығыз жұмыс жүргізіп, әрбір ауылда санитариялық талаптардың сақталуын жүйелі бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

IMG-20250516-WA0030
Айта кетелік, осы жиында біраз жылдан бері басшысыз тұрған бөлімге конкурстық негізде басшы тағайындалды. Бөкей ордасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы лауазымына эпидемиолог дәрігер Сәния Харесова уақытша міндетін атқарушы боп тағайындалды.

Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале