12.10.2024, 18:00
Оқылды: 139

Бөкей ордасы ауданында ғасырлық той дала қызықтарымен жалғасты

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңіріміздің дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, соғыс және еңбек ардагерлері Кенжебек Меңдәлиевтің 110 жылдығы және Рахметолла Егізбаев, Мұрат Насимуллин, Қадер Ғайсин, Ахмедияр Құсайыновтың 100 жылдығына арналған дала қызықтары өтті.

IMG-20241012-WA0024

Мерейтойлық шараға жиналғандар ат бәйгесін, білектілердің арқан тартысы, қол күресі мен қазақ күресін және қой көтеруден жарысқа түскен қара күш иелерінің сайысын тамашалады.

IMG-20241012-WA0013

Жүйріктер алты, он бес және 24 шақырымда сынға түсті.

Аламан бәйгеде сайқындық Ернұр Есімов баптаған «Сұлтан» алғаш боп мәреге жетті. Ат иесі Нұржан Есімов, шабандозы - Ерасыл. Екінші боп, саралжындық баптаған «Қоян төбел» келді. Ат бапкері - Нұрдәулет Қалияқпаров болса, ат иесі - Зияхмет Мұқанғалиев, шабандозы - Нұрсұлтан.

Жүлделі үштікті 9 жәнібектік Сайынғали Рахметов жарытқан «Бақторы». Бәйгеге шапқан шабандозы - Еділ.

Топ бәйгеде саралжындық Асқар Мұқанғалиевтің «Қазынасы» топ жарды. Топ бастаған тұлпарды баптаған Нұрдәулет Қалиақпаров болса, бәйгеге шапқан шабандозы - Нұрсұлтан.

Мәреге екінші боп келген жәнібектік Ринат Қалмияровқа тиесілі «Думан торы». Жүйрікті жарытқан бапкері Қайролла Думан болса, шабандозы - Аңсар.

Үшінші орын жалпақталдық жүйрік «Қайнарға» бұйырды. Ат иесі - Сабырғали Қойшекенов, бапкері, әрі шабандозы - Ершат Омарғалиев.

Тай бәйгесінде ұялылық Өтеғали Хайрушевтің "Ақжайнағы" оза шауып, дара келді. "Ақжайнақтың" бапкері - Өмірбек Темірболатов болса, тізгіндеген шабандозы - Нұрсұлтан.

IMG-20241012-WA0022

Екінші боп, саралжындық Алмаз Ғайсин баптап, Алихан тізгіндеген "Қара қыз" келді.

Үшінші боп, атыраулық "Афина" мәреге жетті. "Афинаның" бапкері - Нұрдәулет Қалиақпаров, қожайыны - Ұлан Ермеков, шабандозы - Ахан.

IMG-20241012-WA0012

Сонымен қатар, басқа да спорт түрлерінен жүлделі орынға ие болған сайысқа қатысушылар сапалы сыйлықтарға ие болды.

Ұлпан Әнуарқызы  

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале