4.10.2024, 0:00
Оқылды: 16

Бөкей ордасы ауданында қоғамдық бірлестіктер көмек қолын созды

"Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің" демекші, қайырымдылық айында мұқтаж жандарға, жалғызілікті жандарға, қарияларға қолдан келер қамқорлықты көрсетіп, жақсы іске мұрындық болу – әрбір адамның азаматтық парызы. Осыған орай Бөкей ордасы ауданындағы қоғамдық бірлестіктің жетекшілері, атап айтқанда аудандық ардагерлер кеңесі, ардагер ұстаздар ұйымы, “Нарын шуағы” ҚБ мен “Нарын жастары” ҚБ өкілдері жалғызбасты ана Айнұр Сертекова мен зейнеткер Дәулет Шәріпқалиевтердің үйіне арнайы барып, азық-түлік апарып берді.

IMG-20241003-WA0059

Алдымен бірлестік өкілдері зейнеткер Дәулет Шәріпқалиев ағамыздың үйіне бас сұқты.

- Бірлестік мүшелері бірігіп қайырымдылық айында сауапты іс-шараларға ұйытқы болайық деген ниетпен өзіңізге келіп отырмыз. Жақсылық жасап жарысқан жандардың қатары көбейсін. "Қариясы бар ел – қазынасы бар ел" дегендей, қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – барлығымыздың парызымыз,- дей келе азық-түлік себетін ұсынды.

Қария да өз кезегінде игі іс жасаған ұжымға зор алғысын білдірді.

IMG-20241003-WA0060

“Берсең, балаға бер” демекші, жалғызбасты ана Айнұр Сертекованың үйіне де арнайы барып, екі бүлдіршініне азық-түлік пен тәттілерді ұсынды бірлестік жетекшілері.

Айта кетелік, бұл қайырымдылық шарасы тек азық-түлік жеткізумен шектелген жоқ. Дәулет Шәріпқалиев тұрып жатырған үйдің терезелеріне жөндеу қажет болса, Айнұр Сертекова отынды молайтып, қысқа қамданып алсам дейді. Екі мәселе бойынша да бірлестіктің өкілдері шама-шарқынша көмек қолын созуға тырысамыз деді.

Дәл осы бағыттағы қайырымдылық шаралары жалғасын табады.

Нұрай Таубай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале