Бөкей ордасы ауданы орталығында Наурыз мейрамына театрландырылған концерт ұйымдастырылды.
Қадыр ата батасынан басталған мейрамда аудан басшысы Нұрлыбек Даумов халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Бұқаралық шарада аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері барша көрермендерге ұлттық ән мен би тарту етсе, «Ер Төстік» бөбекжай ұжымы жиналған қауымның назарына салт- дәстүрлерден музыкалық композиция ұсынды.
М-С. Бабажанов атындағы мектеп ұжымы халық әндерінен попурри айтты. Ал аудандық колледж ұжымы сән шеруін ұйымдастырды. Аудандық аурухана ұжымы ұлттық ойындардан музыкалық композиция ұсынса, М. Мәметова атындағы мектебінің ұстаздары «Қара жорға» биін биледі.
Бұл күні аудан тұрғындары тек шығармашылық емес, сонымен қатар спорттық сайыстарды да тамашалады. «Орда» спорт клубы мен аудандық БЖС мектебінің қызметкерлері қол күресі және табан тартыста анықталған жеңімпаздарды марапаттады.
Бұл күні жәрмеңке де ұйымдастырылды.
Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz