Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен және БҚО жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ділдаш Искакованың қатысуымен «Отбасының цифрлық картасы» бағдарламасына қатысты жиын өтті.
Аталмыш жиынға тиісті мекеме басшылары және қызметкерлері оффлайн және ауылдық округ әкімдері онлайн форматында қатысқан болатын.
Өткен жылдың басында қолға алынған жұмыс картасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізген басқарма басшысының орынбасары аталмыш картаға енгізілген D және E категориясындағы жерлестерімізбен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Ділдаш Искакова тек тапсырма берумен шектелмей, аталмыш жұмыстарды қай бағытта жүргізу керектігін де түсіндірді.
Еркебұлан Бисенғалиев
Бөкей ордасы ауданы