Бүгін "Шекара қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі" деген атаумен аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен жиын өтті.
Басқосуға ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің жедел уәкілі Жандос Ахметбеков, ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің офицері Эльдар Шаймерден мен «Орда» шекара заставасы бастығының орынбасары Айдос Қабділмәлік, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тілеген Арыстанбеков бастаған тиісті сала басшылары қатысты.
- Қай елдің болмасын, мемлекеттілігін айқындайтын оның шекарасы екені белгілі. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік шекарамызды қорғау шекара қызметкерлерінің жұмысы десек те, халық тыныштығын қамтамасыз ету – әрбір азаматтың абыройлы міндеті, перзенттік парызы деп есептеймін.
Осы тұрғыда ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің БҚО бойынша офицерлерінің бастамасымен 2024 жылғы 16-31 тамыз аралығында облыстың шекара маңы аудандарының қатысуымен шекараның тұтастығы мен қауіпсіздігі, шекараны қорғау бойынша халықтың қырағылығын қамтамасыз ету мақсатында "Шекараны барлық халық күзетеді" патриоттық акциясы өтуде. Облысымыздың Бәйтерек ауданында басталған акция бүгін міне Бөкей ордасы ауданында жүргізілмекші, - деп Кенесары Нұршинов бүгінгі басқосудың басты иттер мақсатын түсіндіріп өтті.
Алдымен Жандос Ахметбеков сөз алды.
- Шекара қауіпсіздігі, шекара шебіндегі тұрғындардың белсенділігі бүгінгі қоғамдағы ең бір өзекті мәселенің бірі. Көптеген елдегі геосаяси және әлеуметтік жағдайдың ушығуына байланысты көші қон мәселесі де қарқын алып отыр. Соның ішінде шекараны заңсыз кесіп өтпекке ниеттілер көбейіп отыр. Бүгінгі таңда елімізге Оңтүстік Азия елдерінен азаматтар ағылуда. Ауғанстан, Пәкістан мен Шри-Ланкадан келген азаматтар Батыс Қазақстан елдері арқылы Ресейге өтуге тырысады. Өткен жылы шекарадан заңсыз өтпекші 400-дей азамат ұсталса, биыл жыл басынан бері 200-ден астам азамат шекараны кесіп өтпекші болған. Тек бір ғана Ақсай қаласында заңсыз шекара аспақшы болған 120 ауған азаматы ұсталды, - деді ол өз сөзінде.
Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева шекара бұзған тұлғаларға салынатын айыппұл, тағайындалатын жазаның тым жеңіл екенін айтып, Отанға опасыздық жасағандарға тағайындалатын жазаны қатайту керектігін мәселе ғып көтерді.
Бақсақ, шетелдік азаматтарға болысып, шекара кесіп өтуіне ықпалдасқан азамат әр шетелдіктен мың жарым доллар, яғни, 740 мың теңгеден ақы алады екен. Ал, тағайындалатын жаза – 1,5-2 жылға шартты жаза.
Тілеген Арыстанбеков мұндай шаралар аудан орталығы әкімдігіндегі да қызметкерлермен шектелмей, қыстақтарындағы қызметкерлермен де жүргізу керек деді. Нүркен Сабиров қыстақтағылардың қауіпсіздігі өз алдына бір мәселе екенін тілге тиек етті.
Жиын соңы дүкен, жанармай құю стансаларында жалғасты.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы