5.10.2024, 10:10
Оқылды: 15

Бөкей ордасы ауданында ұстаздарға құрмет көрсетілді 

Аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз деген жарық күні ғаламның» атты ұстаздар күніне арналған концерт өтті. Оған Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. 

IMG-20241004-WA0070

– Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері. Ұстаз – білім беретін мамандық иесі ғана емес, ол елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелеуші. Мектептің жүрегі де, басты тұлғасы да - мұғалімдер. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытуда мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Қиын да маңызды міндетті атқарып жүрген ұстаздарымызға барлық адам құрметпен бас иеді, - деген Нұрлыбек Жасқайратұлы білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісті.

IMG-20241004-WA0075

Мереке күні қошеметке бөленген ұстаздардың бірқатары сахнаға көтеріліп, салтанатты жағдайда марапаттарға ие болды.

IMG-20241004-WA0078

Еңбегімен еленген бірқатар ұстаздарды, атап жазар болсақ, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР оқу-ағарту минстрлігінің Құрмет грамотасына Бөкей ордасы колледжінің директоры Бағдат Лұқпанов ие болды.

IMG-20241004-WA0068

ҚР оқу-ағарту минстрлігінің алғысхатымен Жаңылсын Құбышева, Қарлығаш Мырзабаева, Рафаэль Денгізбаев, Салтанат Сарбаева т.б мұғалімдер марапатталды. Облыс басшысы Нариман Төреғалиевтің алғысхаты Жәңгірхан атындағы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талшын Сансызбаеваға ұсынылды.

IMG-20241004-WA0086

Бұдан соң аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова, ардагер ұстаздар ұйымының төрайымы Няйлягүл Нарболова, «Аманат» партиясы аудандық филиалының кеңесші маманы Тамерлан Зауров, аудандық білім беру бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Сариевтер де облыстық білім басқармасының т.б атынан осы салада жемісті қызмет етіп жүрген бірқатар ұстаздарды марапаттады.

IMG-20241004-WA0097

IMG-20241004-WA0103

IMG-20241004-WA0094

IMG-20241004-WA0085

IMG-20241004-WA0067

Арайлым Есмағұлова, 

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале