4.09.2019, 15:19
Оқылды: 29

Бөкей ордасы жолын жөндеуге қажетті материалдарды теміржол арқылы жеткізу ойластырылуда

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов және «QazAvtoJol» ҰК» БҚО филиалының басшысы Еркебұлан Жұманов Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжановпен кездесіп, Сайқын-Бисен-Өнеге ауылдарының үстінен өтетін республикалық жолды жөндеу мәселесін талқылады.

 жол

Бұл кездесуге жөндеу нысанына жауапты «Ақжолқұрылыс», «Атырау жол құрылыс» ЖШС-ның уәкілдері қатысты.

Іскерлік кездесуде жөндеу жұмыстарына қажетті шикізаттың теміржол арқылы тасымалданатыны және бұл тасымалдау түрі «QazAvtoJol» ҰК» және жол жөндейтін мекемелерге тиімділігі талқыланды. Аудан әкімі мен «QazAvtoJol» ҰК» және ЖШС-ы уәкілдері Сайқын ауылындағы теміржол тұйығын аралап өтті. Теміржол тұйығын қарап, күн тәртібіне қоюда үлкен мән бар. «Жол құрылысының материалдарын теміржолмен тасымалдауды делдалсыз жеткізу материалдық тұрғыдан аса үнемді. Тасымал мәселесін делдалсыз, басшылықпен тікелей келісім арқылы ұйымдастыра алсақ, миллиардтаған ақшаны үнемдей алар едік» дейді сала мамандары.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале