Батыс Қазақстан облысында ауылдық клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 қараша күні Бөкей ордасы ауданында болды.
Сағат 07.42-де Орда ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында орналасқан мәдениет ошағының төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Өрт аумағы 236 шаршы метрді құрады.
№26 өрт сөндіру бекетінің күшімен (3 адам, 1 техника) «тілсіз жау» сағат 09.27-де оқшауланып, 10.23-те толықтай жойылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
zhaikpress.kz