Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің «Ағаш отырғызу – тамырыңды тереңге жай!» жалпы қазақстандық сенбілік акциясы Бөкей ордасы ауданында өтті.
Оған 55 мекеме-ұйымның 285 қызметкері және аудан тұрғындары қатысты. Сенбілік барысында аудан орталығындағы М.Мәметова, Ұ.Шағыров көшелеріндегі орталық және «Қару-аманат» саябақтарына тал егіліп, қоқыс шығарылды.
Сайқын ауылдық әкімдігінің бас маманы Бисен Қадыров:
– Аудан орталығында тал-терек егу, қоқыс шығару жұмысы апта басынан басталды. Бүгінгі сенбілікті қоса алғанда, 1000 тал қарағаш, 200 түп жиде, 100 тал мақтаншақ пен 600 түп қаратерек отырғызылып, 5000 тонна көң-қоқыс шығарылды. Сенбілік жұмысына «Қазсушар» РМК БҚОФ Бөкей ордасы өндірістік учаскесінің, «Орда» МКК мен Нұртай Сүйінішевтің жеке қожалығының техникалары тартылды, – дейді.
Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,
Бөкей ордасы