31.01.2019, 10:48
Оқылды: 52

Бөкей Ордасында 21 қожалық асыл тұқымды мал өсіруде

Бөкей Ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов халық алдында есеп беруде.

 aqbas

Бөкей Ордасы ауданында ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту салаларында да оң өзгерістер жетерлік. Бүгінгі таңда ауданда 64 896 бас ірі қара, 92 588 қой мен ешкі, 22 881 жылқы, 1 019 бас түйе малы тіркелген. Аудан көлемінде 522 шаруа қожалық болса, жаңадан ашылған 18 қожалыққа 17 068 га. жер телімі берілген.

Ауданда асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 21 қожалық бар. Соның ішінде «Рауан» шаруа қожалығы бактриан түйесін, 18 қожалық қазақтың ақ бас тұқымды ірі қарасын, екі қожалық асыл тұқымды «Көшім» және «Жәбе» жылқыларын өсіреді.

Шаруалар ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалардың да игілігін көріп, табыстарын еселеп отыр. Елдегі «Сыбаға» бағдарламасы арқылы үш шаруа қожалығы 99 млн. 500 мың. теңге несие алып, жақында Ресейден 100 бас асыл тұқымды аналық мал сатып алған.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале