Күні кеше ғана ашылған әлеуметтік дүкенге ауылымыздың қайырымды тұрғындары киім-кешектер мен аяқ-киімдерді әкеліп беруде. Бір қуанарлығы, сауапты іске құлшына атсалысып жатырған жерлестеріміз өздерінен артылған дүниелерді таза әрі бүтін күйінде тапсыруда.
Бұл дегеніміз – жақсылық жасауға ұмтылған жандардың айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен адамгершілік қарым-қатынасын айқын аңғартқаны.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген дана халқымыз. Қазіргідей сын сағатта бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қиындықты бірге көтеріп, бірлігімізді танытайық. Әлеуметтік дүкеннің есігі дүйсенбі мен жұма аралығында ашық болатынын қаперлеріңізге береміз.
Асқар Әжіғалиев,
Бөкей ордасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы