29.05.2019, 12:31
Оқылды: 41

Бөкей ордасында қайырымдылықты дәстүрге айналдырған кәсіпкерлер бар

Тимур Мұхамедияров пен Шынар Хайрушеваны бөкейордалықтар игілікті істен қашпайтын, қайырымдылық жасауды азаматтық борыш санайтын жақсы жандар деп таниды.

qaiyrymdylyq

Бұл күндері екеуі де Орал қаласына қоныс аударған. Бірақ елдегі игі істің басы-қасынан табылып, әр дайым қолдау білдіріп отырады. Жеке кәсіпкер Тимур Мұхамедияров тек оразада ғана емес, әр ай сайын екі отбасына азық-түліктен көмектесуді дәстүрге айналдырған. Ал Шынар Хайрушева былтыр жетпіс отбасына азық-түліктен көмектессе, биыл да сол дәстүрден жаңылмай, отыз сегіз отбасыға 260 000 теңгеге астық үлестірді. Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевтің айтуынша, Шынар Хайрушеваның ауылдағы ағайынға азық-түліктен көмектесіп келе жатқанына бес жылға жуықтапты.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале