9.12.2020, 15:45
Оқылды: 41

Бөкей ордасында күрделі жөндеу мәселесі – басты назарда

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов және бірқатар мекеме қызметкерлері жұмыс сапарымен  Хан ордасы ауылдық округіне барды. Сапар барысында күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп пен мәдениет үйінің жағдайымен танысып, жобалық-сметалық құжаттама мәселесін талқылады. Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымындағы жұмысы, санитарлық талаптардың сақталуы да аудан басшысының назарынан тыс қалмады.

сапарға арқау (1)

- Хан ордасы бүгінгі таңда індет өршіген ошақ боп отыр. Сондықтан санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, ауыл тұрғындарының бас қосуларына, отбасылық шараларды атап өтуіне жол бермеуіміз керек. Індет бейқамдықты көтермейді, - деп аудан басшысы ауылдық округтегі мониторингтік топ жұмысын ширатуды тапсырды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов күні кеше күрделі жөндеуден өткен  «Ақбота» бөбекжайына да арнайы бас сұқты.

1983 жылы салынған балабақша сонау тоқырау кездерінде жабылып,  2004 жылы қайтадан пайдалануға берілген. 2012 жылы кішігірім жөндеу жұмыстары жасалып, шатыры ауыстырылған. Биыл «Жиенбай» ЖШС 125 млн 381 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізді. Атап айтқанда, едені ауыстырылып, жылыту жүйесі ауыстырылды, ішкі әжетхана іске қосылды.

- Ғимаратымыз түгел жаңартылды. Бұрын бес топ жұмыс жасаса, енді алты топ қабылдап отырмыз. Топ саны артқан соң, қызметкерлер қатары да алты адамға еселенді. «Жиенбай» ЖШС-нің сапалы жұмысына дән ризамыз. Тек ғимаратымыз жөнделіп қоймай, жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп, жиһазымыз, төсек жабдықтарымыз, ыдыс-аяқтарымыз бен ойыншықтарымыз дейін жаңартылды. Сырттағы ойын алаңымыз да жаңартыртылды. Көзімізді қуантып, жұмысымызға серпін беріп тұр. Бізден талап етілері тек белсенді жұмыс қана, - дейді бөбекжай директоры Аягөз Түсіпқалиева.

 

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале