4.02.2021, 12:41
Оқылды: 65

Бөкей ордасында құрылыс қарқынды

Өткен жылы жеке тұрғындардың өз есебінен жалпы көлемі 2860 шаршы метрді құрайтын 34 тұрғын үй іске қосылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 41%-ға көп. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында Бөкей ордасына қарасты Хан ордасы және Бисен ауылдарында 4 екі пәтерлік тұрғын үйдердің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

FB_IMG_1612423626614

Мұндай мәлімет Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов онлайн форматта бүгінгі есебінде айтылды. Бұл есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық басқарма басшылары қатысты.

FB_IMG_1612423633700

Бұдан бөлек бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Атап айтсақ, Хан ордасы ауылындағы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы, Бисен ауылындағы Б.Жәнекешев атындағы ұл балалар мен қыз балаларға арналған мектеп интернаты, М.Бегалиева атындағы мектебі, аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен Үштерек бастауыш мектептері күрделі жөндеуден өткізілді.FB_IMG_1612423870346

Аталмыш жобалар бойынша барлығы 224 адам жұмыспен қамтылса, соның ішінде 122 адам жұмыссыздар есебінен тартылған аудан тұрғындары.

1274,1 мың шаршы метр алаңда орналасқан 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы жергілікті халық үшін үлкен оқиға.

Сондай-ақ, жаңадан ашылған ат спорты мектебі сайқындық өрендердің атқа мініп, шабандоздық өнерді меңгерулеріне үлкен септігін тигізді.

Балалардың бос уақытын тиімді де мағыналы өткізу, дене еңбегімен айналысуына жағдай жасау мақсатында аудан орталығында, Бисен және Жиекқұм ауылдарында спорт және балалар ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, сараптамадан өтуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале