Бөкей Ордасында 2017 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша шаруашылықтарымыздың барлық санатында 58 573 ірі қара, 108 334 қой мен ешкі, 19 728 жылқы, 1205 түйе бар. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара – 2,5, қой мен ешкі – 0,8, жылқы – 5,7, түйе 0,1%-ға өскен.
Ауданымыздағы 480 шаруа қожалығының 225-інде ірі қара малының аналығы 30 бастан асады. Шаруашылықтарда былтыр 3100 тонна ет, 12 857 тонна сүт өндіріліп, ет 0,7, сүт 0,2 пайызға артты. Ресейге 447 тонна ірі қара, малының еті, 1 тонна қой еті экспортқа шығарылды.
Ұлт жоспарының 35-қадамын орындау бағытында жаңадан 37 шаруа қожалығы құрылып, оларға 58 099 га жер телімі пайдалануға берілді. Жерді тиімді пайдаланбаған 8 шаруа қожалығы жабылып, олардың 5 009 га жері мемлекет еншісіне қайтарылды.
Аудан бойынша мал шаруашылығын дамыту мақсатында 5 өндірістік кооператив құрылды. 15 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың біреуі («Хан ордасы» ЖШС-і) бактриан түйесін, 12-сі қазақтың ақбас сиырын, 2-еуі «Көшім» және «Жабы» жылқыларын өсіреді. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 7 шаруа қожалығы 94 млн. 900 мың теңгеге 22 асыл тұқымды бұқа, 491 аналық ірі қара сатып алды.«Алтын асық» бағдарламасымен бір шаруашылық10 млн. 500 мың теңге несиеге 16 асыл тұқымды қошқар, 388 саулық алды. Есепті мерзім ішінде шаруа қожалықтарына 487 млн. 404 мың теңге субсидия төленді.
2016 жылы 9 шебер-жоспар бойынша жұмыс жүргізілді. 5 шаруа қожалық асыл тұқымды мал сатып алса, 2 бордақылау алаңы және асыл тұқымды қой шаруашылығына жаңа қыстақ салынды. Темір Масин ауылдық округінде қымыз өңдейтін цех жасақталуда. Құрылыс 70 пайызға орындалды. Саралжын ауылында бордақылау алаңын салу үшін құрылыс материалдары жетістірілді.Жыл өткен сайын мал шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. 2016 жылы лизингке 7 трактор, 6 ауыл шаруашылық техникасы алынды. Жыл ішінде шаруа қожалықтар энергияның балама көздері ретінде 7 күн батареясын орнатып, пайдалануда.
Есепті мерзімде аудан аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдай сақталды, жануарлардың аса қауіпті аурулары тіркелген жоқ.Ветеринарлық іс-шаралар жоспарына сай 393 956 үй жануарлары вакцинацияланды, 330 059малға диагностикалық тексерулер жасалды. Ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезге шалдығу көрсеткіші мүйізді ірі қарада 0,9%(688 бас), ұсақ малда 0,02%(28), түйеде 0,2%(2), жылқыда0,7%(1 ) құрады. Ауру малдар оқшауланып, санитарлық сою орындарына тасымалдау ұйымдастырылды.
Өз тілшімізден
Бөкей ордасы ауданы