Білім саласын цифрландыру бойынша Бөкей ордасы ауданында біркелкі жұмыстар атқарылуда.
Мектептердің интернетпен қамту деңгейі 100%-ды құрап отыр. Қазір 7 мектеп «Kundelik.kz» электронды журналы жүйесіне қосылған. Оқушылардың білім сапасына, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылып келеді. 4 мектепте заманауи робототехника кабинеті жасақталған. 2018 жылы аудан орталығындағы М-С.Бабажанов мектебінде IT сынып ашылса, өткен жылы Жәңгір хан мектебінде жасақталды.
Халыққа қажетті құжаттарды дер кезінде дайын етіп, сапалы қызмет көрсете білу қай кезде болсын ең маңызды мәселе. Бұл бағытта М.Мәметова, М-С.Бабажанов мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау қызметі, «Ер Төстік», «Салтанат», «Балдәурен», «Ақбота» балабақшаларында балаларды тіркеу және жолдама беру қызметі автоматтандырылды.
Раушан Жанат
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер