29.08.2024, 21:00
Оқылды: 94

Бөкей ордасында мешітке күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов, орынбасары Кенесары Нұршинов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғас Ташуов пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев аудандық мешітке арнайы бас сұғып, күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты.

77DE88C9-4AD7-4368-97EC-06D09CF62375

Ауданның бас имамы Мұхамед-Әлі Медетұлы құрылыс жоспарымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, мешіт ғимаратының едені жаңартылып, жанынан қосалқы құрылыс жүргізілмекші.

C6C6D4FD-CB83-419D-8287-FBACF9A4E540

– Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Кеше түстен кейін бастап едік. Бүгін кешке дейін еденіне цемент құйып бітіретін түріміз бар. Бұған құрылыс материалдары жеткілікті. «Ақжол құрылыс» ЖШС жоба жетекшісі Дүйсен Наурызғалиев ағамыз құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, жұмысшылардың еңбекақысын да төлеп берді. Негізі, ағамыз бұл ісін жария қылмауымды өтініп еді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, сөз ретінде айтып қалып жатырмын. Қажетті құрылғыларды алып беріп, қаржылайда көмектесіп жатқан сайқындық Айдархан Дүйсемалиев сияқты азаматтарымыз да бар, - дейді бас имам.

355EEEFB-0180-48C8-A515-E312481C65D2

– Дүйсен сияқты азаматтардың жақсылығын жария қып айтқанымыз да дұрыс. Сонау Ақтаудан кеп, Сайқындағы мешіттің жыртығын жамауға жәрдемдесіп жатқаны ауылдастарымызға ой салар. Су жаңа мешіт салайық деген ұсыныстар болды. Бірақ арнайы қаржы бөле алмайтындықтан, асарлатып, үлкен істі қолға алуда күмән басым болды. Қолданыстағы ғимаратты заманауи қылуға ниет еткендеріңіз жөн болған екен. Қолдаймыз. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді ғой. Ауданымыздың ауызбіршілігінің, елдігіміздің көрінетін тұсы осындайда, - деген аудан әкімі Нұрлыбек Даумов тиісті сала басшыларына міндет жүктеді.

3927778A-399A-4D9F-9B9B-443CE3F1DC95

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі мешіт сонау жылдары электр торабының жұмыс орны болған. Аудан ақсақалы Сәрсенбай Әшенов атамыздың ұйымдастыруымен мешіт ретінде қайта құрылып, 1994 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале