Жылыту кезеңіндегі ақпараттық-профилактикалық жұмыс пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және азаматтарды жылыту жүйелері мен электр жабдықтарын пайдалану ережелері туралы хабардар етуге бағытталған.
Жыл сайын өрттің жалпы санының 60%-ы тұрғын үй секторында болады. 2020 жылдың 8 айында облыс аумағында 419 өрт болды, оның ішінде 246-сы тұрғын үй секторында орын алды. Аудан бойынша жеті өрт тіркелді.
Тұрғын үй секторындағы өрттерде үш адам қаза тауып, жеті адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Негізгі күш халықтың әлеуметтік осал топтарымен алдын алу жұмыстарына бағытталған. Осы бағыттағы жұмыс ағымдағы жылдың 15 тамызынан басталды. Жағдайы жоқ жанұяларға ерекше назар аударылады. Бұл жанұялардың көпшілігінде – спирт ішімдіктерін пайдаланады, ал балалардың еріктері өз қолдарында. Дәл осындай әлеуметтік жағдайлары жоқ жанұяларда өрттің шығу қаупі едәуір күшейеді.
Рейд барысында инспекторлық құрам жылыту пештерін, электр сымдары мен газ жабдықтарының жай-күйін тексереді, тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша жадынамалар табыс етіледі. Рейдтер көрсеткендей, қателіктер баяғыдай қалып отыр: жылыту пештері үйлерде бұзылған жағдайда болып табылады. Оларға тікелей жақын жерде жанғыш заттар орналасады. Көбінесе үйлерде пеш алдарында міндетті металл табақтары болмайды. Көп үйлерде электр сымдары нашар қалыпта, розеткалар мен сөндіргіштер балқып кеткен. Барлық тұрғындармен мамандар әңгімелесулер өткізеді, оларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтерді шақыру тәсілдері егжей-тегжейлі сипатталған жадынамалар береді.
Тұрғын үй секторындағы барлық жұмыс ықтимал өрттің алдын алуға, өрттерде адамдардың қаза болуына жол бермеуге бағытталған, өйткені ең бастысы – адам өмірі.
Максим Елдосов,
Бөкей ордасы аудандық ТЖБ-нің
аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты