1.10.2020, 17:19
Оқылды: 27

Бөкей ордасында санитарлық-экологиялық айлықтың жоспары пысықталды

Аудан әкімдігінде санитарлық-экологиялық айлықты ұйымдастыру және өткізуге жауапты жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде айлық жоспары талқыланды.

120550881_2327518517394577_4279718984759876733_n

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин сенбілік жұмыстарының тек бюджеттік сала қызметкерлерімен шектелмей, жастарды, ауыл тұрғындарын кеңінен қамтысақ деген мәселе көтерді.

Сонымен бірге айналаның тазалығын мектеп қабырғасынан қалыптастыруды, ол үшін мектеп оқушылардың қоқыстарды жіктеп салуға үйретуді қолға алуды, сенбілік өткізу форматына "өзіңнен баста", "отбасылық сенбілік" деп өзгеріс енгізуді, сенбілікке белсенді, бастан-аяққа және толық қатысқан ұжымдарды, ауласын таза, тал-терек егіп, күтіммен ұстап отырған жекелеген азаматтарды марапаттауды ұсынды. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев сенбілік аясында облыс орталығына қатынайтын жол жиектерін тазалауды, қураған тал, құлаған ағаштарды кесіп, шауып, газ тартылмаған үйлерге бөліп беруді, жәрмеңкелерде жеміс ағаштарының көшеттерінің сатылымын қамтамасыз ету керек деген ұсыныстарын айтты.

120525329_2327518440727918_1408538493021878758_n

Сонымен бірге ауылдардағы қоғамдық құдықтардың санитарлық-эпидемиялық жағдайларын анықтау, мал қорымының тазалығын қарау мәселелері де округ әкімдерінің назарына ұсынылды.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале