12.10.2018, 12:08
Оқылды: 91

Бөкей ордасында термешілер байқауы өтті

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде аудан термешілері «Текті сөздің төресі – терме» атты байқауда бақ сынады. Ауданның он өнерпазы бабадан жеткен маржан сөзді, әсем әуезді термелер мен жырды тамылжыта орындады.

DSC07093

Кеш қонағы болған астаналық, Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі әншісі Зинат Қасымова Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші даусы» термесін орындап, көптің қошеметіне бөленді. Зинат Қасымова осы ауылдың келіні болып есептеледі.

Қазылар алқасының шешімімен Шал Құлекеұлының «Жігіттерге өсиет» термесін нақышына келтіре орындаған Гүлжанар Айтмағамбетова бірінші, саралжындық дуэт Рауан Қуанышев пен Эльмира Жапаева екінші, мұратсайлық Бағила Беркалиева үшінші орынға лайық деп танылды.          Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«Орда жұлдызы»,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

DSC07108

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале