Көпқабатты үйлерге танымал тұлғалардың муралын салу үрдісі Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында да көрініс тапты.
Жергілікті әкімдіктің тікелей қолдауымен Бөкей хандығының 220 жылдығы және Жәңгірхан мектебінің 180 жылдығы мерейтойларына орай орталық көшедегі екіқабатты үйдің қасбетінде алыстан көз тартар хан Жәңгірдің алып бейнесі пайда болды. Қабырғаға қарағайлы орман алқабы мен музей-қорықтың суреттері де қоса салынған.
Жәңгір ханның бейнесін оралдық суретші-дизайнерлер Яков пен Дарья Полищуктер 5 күннің ішінде салып шықты.
Арайлым Есмағұл,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz