Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы мектепте "Жас сарбаз" сыныбы ашылды.
Бұл бастама Елбасымыздың әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру керек деген тапсырмасынан туындады. Нәтижесінде білім ошақтарында отаншылдық рухты көтерер сыныптар ашыла бастады. Айталық, бұл Бөкей ордасы ауданындағы алғашқы сынып.
Жаңа сыныптың жетекшісі Жанболат Оңаев Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Асхат Санға рапорт берді. Ертөре Хайыров бастаған "Жас сарбаз" сыныбының 17 оқушысы "Отанды қорғар сарбаз боламыз" деп ант қабылдады.
Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов жас сарбаздарды ант қабылдауымен құттықтады.
-Бабаларымыз бізге байтақ елді мұраға қалдырды. Осы қазақ жерін қорғау, өркендету міндеті көп ұзамай сіздің мақсатыңыз болады, жас сарбаздар! Елді білектің күшімен қорғаумен қатар, білімнің ұшқырлығымен алға жетелеу де маңызды. Сондықтан оқу үлгерімін назардан қалдырмыңдар",-деді.
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Асхат Санның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 173 мыңнан астам жас сарбаз өзіңіздей ант қабылдады.
Аудан басшысы бастаған топ жаңа сыныптың материалдық базасымен жіті танысып, жоғары сынып оқушыларының қару макетін бөлшектеу мен жинаудың үлгісін тамашалады.
Раушан Бақытова
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер