16.10.2020, 16:10
Оқылды: 70

Бөкей ордасында "Жомарт жүрек-2020" сыйлығының иегерлері марапатталды

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың қатысуымен "Жомарт жүрек-2020" сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Туған өлкенің дамуына сүбелі үлес қосып, түрлі бағыттағы  қайырымдылық қызметтерді жүзеге асырған ел азаматтарына лайықты құрмет көрсетілді.

20201016052930_IMG_4362

Елде карантин жарияланып, науқастар легі көбейген уақытта жұмыла жұдырық бола білген ауыл азаматтары аз емес. Аудан қорына алғашқылардың бірі болып қомақты соманы аударып, қайырымдылық пен мәрттіктің зор үлгісін көрсетіп берген ауданның құрметті азаматы, "Талап" шаруа қожалығының жетекшісі Иран Дәуленов "Жыл меценаты" атанса, қауіпті індетпен күресте белсенділік танытып, өз есебінен ауа концентраторы мен дәрі-дәрмектердің қорын еселеп, көпшілікке  қолдау білдірген  "Пахман" шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Меңдешев "Жыл тұлғасы" атанды.

20201016053036_IMG_4369

Короновируспен күресте "Біз біргеміз" республикалық акциясы аясында елеулі үлес қосқан еріктілер қауымы да "Ерен еріктілік" аталымы бойынша марапатталды.

"Бөкей ордасына көмек" акциясын ұйымдастырып, сол арқылы жиналған қаражатқа аудандық аурухананы қажетті дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылармен қамтамасыз еткен Жанаргүл Қыдырғалиева мен Ақкүміс Саматова, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, игілікті іске сеп болған ханордалық Айшат Сабирова, сайқындық Әбіловтер жанұясының баспаналы болуына жәрдемдескен "Харекет" қайырымдылық қорының өкілі Райымбек Жұмабайұлы "Үздік волонтер" аталымына ие болды.

Қайырымды істердің басы-қасында жүрген еріктілер Аслан Бижанов, Бағдат Ахатовтар т.б. есімдері аталып, еңбектері ескерусіз қалмады.

20201016054014_IMG_4441

Сондай-ақ, мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен ет таратып, қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етуде көмектерін аямаған  кәсіпкерлер Қуаныш Шәріпқалиев, Анаргүл Дәулетова, Айсұлу Иманғалиева, "Төсқұдық" шаруа қожалығының иесі Ербол Есімов, "Ғайнолла" шаруа қожалығының  жетекшісі Ертуған Ғұбашев т.б марапатталды

Бұл шарада елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға т.б. демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырған Сайқын, Мұратсай, Ұялы, Саралжын, Бисен ауылдық округтеріндегі әр жылғы мектеп түлектері де "Туған өлке" аталымы негізінде құрметке бөленді.

 

Арайлым Исмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале