Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, балалар мен аналар, экология жөніндегі және ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысы барысында отбасылық зорлық- зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Дәурен Сертеков баяндаса, қалған сала басшылары 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық туралы есеп берді.
– Осы жылы аудан бойынша отбасылық- тұрмыстық қатынаста 31 құқық бұзушылық тіркелген. Соның 29-ы жанжал шығарғаны үшін, екеуі жолдасына жеңіл дәрежелі дене жарақатын келтіргені үшін қозғалды. Мәлімет үшін айта кетсек, өткен жылдың тоғыз айында отбасылық-тұрмыстық қатынаста 45 құқықбұзушылық тіркелген. Оның біреуі бойынша қылмыстық іс қозғалса, қалған 44 іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал биыл құқықбұзушылық 14 дерекке немесе 30%-ға азайып отыр, - деді аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Дәурен Сертеков.
Зорлық-зомбылық мәселесінен бөлек жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыға салынды.
Мысалыға, 2024-2025 жылғы жылыту маусымына аудан бойынша 88 нысан кіреді екен.
Баяндамашылар қазіргі таңда жылыту маусымына дайындық жүріп жатқанын айтты. Ал өз кезегінде Лариса Қайырғалиева аталмыш мәселені бақылауда ұстауды әр мекеме басшысына тапсырды.
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы