Балалар техникалық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Кеме үлгілеу» бағыты бойынша спорттық жарысы өтті.

Байқауға Ш. Жексенбаев атындағы МБК, А. Құсайынов атындағы МБК, М.Бегалиева атындағы ЖОББМ, М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ және балалар техникалық шығармашылығы орталығының үйірмешілерінің оқушылары қатысты.
– Сайысқа қатысушы оқушылардың барлығын да ерекше дайындықпен келгендерін ерекше атап өтуге болады. Жарыс барысында қатысушылар су бетінде өздері жасаған кеме кластарын сынап, сайысқа түсті. Сайыс шартына сай желкенді кемелерін тігінен жүргізсе, ал радиомен басқарылатын кемелерін өздерінің жол тізбегімен мәнерлеп жүргізді. Ал жүрдек кемелерін жылдамдыққа қарай белгілі уақыт бойынша бір-бірімен бақ сынастырды. Оқушылар аталмыш жарысқа ерекше құлшыныспен қызыға қатысты, – дейді орталық директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Қонақбаева.

Жарыс болған соң жеңімпазы болатыны белгілі. EK-600 класы бойынша I орын Бағдат Қалиоллаға (БТШО), II орын Нұрқанат Ерболатқа (А.Құсайынов ат. МБК), ІII орын Нұрберген Нәсіпқалиевке (М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ) бұйырды. EN-600 класы бойынша I орынды Арсен Губаев (БТШО), II орынды Ернұр Қайыр (А.Құсайынов атындағы МБК), III орынды Нұрәділ Жұмакелді (Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ) иеленді. EX-600 класы бойынша I орынды Дастан Абзалұлы (БТШО), II орынды Нұрберген Нәсіпқалиев (М-С. Бабажанов ЖОББМ), IІІ орынды Нұрдаулет Серікбайұлы (М.Бегалиева атындағы ЖОББМ) иеленді.
Ал алғысхатқа Аман Оразғали (Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ) ие болды. ДХ-01 класы бойынша I орынға Дастан Абзалұлы (БТШО), II орынға Нұрберген Нәсіпқалиев (М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ), III орынға Ақжан Қуандықұлы (М.Бегалиева атындағы ЖОББМ) лайық танылды. FSR-ECO Expert класы бойынша I орын Арсен Губаевға (БТШО) IІ орын Бағдат Қалиоллаға (БТШО), IІІ орын Асланбек Мұратқа (БТШО) бұйырды. Mono-1 класы бойынша І орынды Әділет Зинешов (М.Бегалиева атындағы ЖОББМ), ІІ орынды Арсен Губаев (БТШО), ІII орынды Нұрберген Нәсіпқалиев (М-С. Бабажанов атындағы ЖОББМ) иеленді.

Белсенді қатысқаны үшін Ермұрат Ерсайын (Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ) алғысхатқа ие болды. Ал Mini Mono класы бойынша І орын Мұрат Асланбек (БТШО), ІІ орын Арсен Губаевтарға (БТШО) лайық танылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы