3.09.2025, 14:30
Оқылды: 351

Бөкей ордасындағы жолдардың жай-күйі басшылық назарында

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов, орынбасары Азамат Мұхамбетжанов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисенов Мұратсай ауылының кірме жолы және Сайқын-Мәмбет-Жәрмеңке жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

КІРМЕ ЖОЛ Өз іссапарын Мұратсай ауылының кірме 18 шақырым жолының құрылысынан бастаған аудан басшысы аталмыш жұмыстарға жауапты «ТемірЖолЖөндеу» ЖШС шеберімен кездесті.
Жұмыс қарқыны көңілден шықпағанын жеткізген Нұрлыбек Жасқайратұлы Медет Сисенов пен орынбасары Азамат Мұхамбетжановқа қадағалау күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар, нысанға жауапты учаскі басшысы келгесін тағы да бір тексеру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

a1ab4bd4-1eb9-4f7c-a6c8-b7017a659fa6
Ал Сайқын-Мәмбет-Жәрмеңке жолының жөндеу жұмысы жоспарға сай жүріп жатқанын баяндаған «Unex Kazakhstan» компаниясының уәкілі болашаққа деген жоспарымен бөлісті.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале