8.03.2025, 10:21
Оқылды: 229

Бөкейде ару, аналар құрметіне арналған мерекелік концерт өтті

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті.

FB_IMG_1741364805670
Айтулы күнгі шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов ару аналарымызды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді.

FB_IMG_1741364812740
Ерлер қауымы дайындаған мерекелік концертте белінен бесіктің табы кетпеген балабақтың бүлдіршіндерінен бастап, ел алдында жүрген азаматтарымыз өз өнерлерін көрсетті.
Концертте көркемсөз де оқылды, ән де айтылды. Вокалды аспапты ансамбльдің әуезді әндері, «Томирис» домбырашылар тобының күмбір күйі көрермен көңілінен шықты. Мемлекеттік қызметкер Ерлан Нүркеновтің жақсы әнімен шара шырайын келтірді.

FB_IMG_1741364815985

Жоламан Сисенғалиевтің мерекелік әзіл арнауы да көптің ықыласына бөленді.

FB_IMG_1741364819838

Бастауыш бүлдіршіндерінің хорымен басталған концерт әр салада қызмет жасайтын ер азаматтарымыздан құралған хордың орындауындағы ана тақырыбындағы өміршең әндермен тәмамдалды.

FB_IMG_1741364809096

Ұлпан Әнуарқызы
Суретке түсірген Жарқынай Салимова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале