14.06.2024, 16:30
Оқылды: 138

Бөкейде бас имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мешітінің бас имамы қызметіне Мұхаммедәлі Медетұлы тағайындалды.

95619EF0-43A1-4BFF-A448-31F68BEBF8F0

Жаңа имамды бөкейордалықтарға Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Назымбек Иманғалиев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

М.Медетұлы осы ауданның тұрғыны, 2023 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдап, еңбек жолын ауданның бас теологы қызметінен бастаған.

Жамағатпен жұма намазы оқылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата жасалды.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале