2.03.2024, 11:00
Оқылды: 86

Бөкейде батагөйлер бәсекесі өтті

Бата беру салты – тәлім-тәрбиелік мәні зор, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқан ұлтымыздың ұлы  мұрасы. Ал осындай құнды мұраны сақтап, келер ұрпаққа дәріптеу үшін қазына кеуде қариялардың басын қосқан игілікті іс-шараларды өткізудің маңызы зор. Осыны мақсат тұтқан Бөкей ордасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбековтың  ұйымдастыруымен  «Дүниеде кем болмайды баталы құл» атты аудандық батагөйлер сайысы өтті.

IMG-20240301-WA0105

Аталмыш шараның шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов  ұлттық салт-дәстүрді ардақтап, бата беруді дәріптейтін шараның жастарға берер өнегесі мен тәлімдік мәнін атап, қазіргі қоғамда бата беруде кем-кетіктер орын алып жүргенін де айтып өтті.

IMG-20240301-WA0107

Өз кезегінде Тілеген Керейұлы аға буынның ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі боп, бүгінгі шараға белсенділікпен қатысуының өзі үлкен құрметке лайық  деп атап өтті.

IMG-20240301-WA0106

IMG-20240301-WA0098

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өлеңдетіп не қара сөзбен өздерін таныстырса, екінші кезеңде түрлі тақырыпта бата беріп, көрермендердің ерекше ризашылығына бөленді. Соңғы кезеңде қазақтың салт-дәстүрлері бойынша білім-біліктерін сынға салды.

IMG-20240301-WA0094

11 батагөйдің ішінен Арыс Ажығалиев атамыз суырылып алға шықса, аз ғана ұпаймен екінші орыннан Сәрсембай Қуанышәлиев көрінді. Үздік үштікті Қитеш Бисенғалиев жеңіп алды.

IMG-20240301-WA0097

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале