18.05.2024, 15:30
Оқылды: 56

Бөкейде ән фестивалі өтті

Бөкей ордасы ауданы Хан Ордасы мәдениет үйінде халықтық «Нарын» ән-аспаптар ансамблінің құрылғанына 50 жыл толуына орай «Нарын толқынында» атты ән-аспаптар ансамбльдері арасында аймақтық фестивалі өтті.

IMG-20240518-WA0002

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20240518-WA0012

Аймақтық фестивальге бес ауданның өнерпаздары қатысты. Атап айтсақ, Ақжайық ауданынан «Арман» ән-аспаптар ансамблі, Бәйтеректік «Ғасыр бэнд»  ән-аспаптар ансамблі, жәнібектік «Арай» ән-аспаптар ансамблі және қаратөбелік «Жеті әуен» ән-аспаптар ансамбльі бақтарын сынады.

IMG-20240518-WA0004

Бөкейліктер үшін «Нарын» ән-аспаптар ансамблінің орны ерекше. Ансамбльдің негізін қалаған өнер әлеміне өзіндік қолтаңбасын тастап, артында өлмейтұғын із қалдырған, ауданымыздың мәдениетіне зор үлес қосып кеткен нар ұлдарымыздың бірі - Қонысбай Боранбаев. Қонысбай ағамыз 1974 жылы ауылдың өнерлі жастарының басын қосып, «Нарын» ән-аспаптар ансамблін құрады. Кезінде бұл ансамбль Нарын өлкесін Қазақстанға, дүниежүзіне танытты. 1983 жыл Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында вокалды-аспапты ансамбльдер арасында лауреат атағын жеңіп, ауданымыздың абыройын асқақтатып, ансамбль халықтық атағын алды.

IMG-20240518-WA0011

Фестивальге  Қонысбай ағамыздың   ұрпақтары Арман, Армат арнайы шақырылды.

Тартысты өткен өнер додасының қорытындысында «Үздік ән-аспаптар ансамблі» аталымы бойынша қаратөбелік «Жеті әуен» ән-аспаптар ансамблі, «Қонысбай Бекбайұлы атындағы жүлде» аталымы бойынша жәнібектік «Арай» ән-аспаптар ансамблі, «Хабиболла Әлесов атындағы жүлде» аталымы бойынша бәйтеректік «Ғасыр бэнд»  ән-аспаптар ансамблі, «Үздік соло гитара орындаушы» аталымы бойынша жәнібектік Алтынбек Каримов, «Үздік бас гитара» аталымы бойынша бәйтеректік Мәлік Мұсағалиев, «Үздік ұрмалы аспаптарда ойнаушы» аталымы бойынша ақжайықтық Медет Хасанов, «Үздік күйсандықта ойнаушы» аталымы бойынша қаратөбелік Таңат Жексенбаев, «Ермек Казиев атындағы жүлде» аталымы бойынша «Арман» ән-аспаптар ансамблі марапатталды.

IMG-20240518-WA0010

Марапат иелеріне диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале