19.05.2024, 11:00
Оқылды: 45

Бөкейде "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің облыстық іріктеу сайысы өтті

Бөкей ордасы ауданында "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің облыстық іріктеу сайысы өтті. Спорт аламанының шымылдығы Әнұранымызбен түріліп, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың сөзімен жалғасты.

IMG-20240518-WA0063 (1)

- Тарихы терең, тұғыры берік, қасиетті де құт мекен Бөкей еліне қош келдіңіз! Бүгін ауданымызда "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің облыстық кезеңі өтуде. Өздеріңізге жақсы мәлім, елімізде ұлттық спорт түрлеріне көңіл бөлінуде. Атадан балаға қанмен берілген күрестің келешегі кемел боларына сенім мол. Бақ пен бап сынға түсетін бүгінгі сайысқа сәттілік тілеймін, - деді аудан басшысы.

IMG-20240518-WA0058

IMG-20240518-WA0062

IMG-20240518-WA0093

Аудан ақсақалы Сәрсенбай Қуаншалиев:

IMG-20240518-WA0081

- Бүгін Ғұбайдолла Жәңгірұлы бастаған үш бірдей генерал шыққан қасиетті топырақта тамаша сайыс өткелі тұр. Жігіттің жампозы, балуанның шын мықтысы анықталған әділ сайыс болсын! - деп батасын берді. Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек пен Жаңақала, Теректі мен Тасқала, Казталов аудандары мен Орал қаласынан келген балуандар көрермендерге қазақша күрестің озық үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды теректілік Қуанышбек Досқалиев, екінші орынды бөрлілік Замир Хамзин алса, казталовтық Ерназар Хамзин "Жайық барысы" атанды.

IMG-20240518-WA0096

Жарыс жеңімпаздарына "Жайық барысы" белдігі мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

IMG-20240518-WA0097

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Ерназар Хамзин мен Замир Хамзин облыс намысын қорғайтын болады.

IMG-20240518-WA0089

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале