Бүгін Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекеде аудан әкімі Нұрлыбек Даумов атаулы күннің маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.
– Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқардық. Біз аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Егеменді еліміздің бірлігі мен ынтымағы үшін жасап жүрген игі істеріміз берекелі болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болғай! - деді Нұрлыбек Жасқайратұлы.
Аудан басшысы шараға жиналған жұртшылыққа білдірген жылы лебізінен кейін түрлі салада еңбек етіп жүрген, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға өз атынан алғысхаттар табыстады.
Мерекелік шара одан әрі аудан орталығы мен ауылдық округ өнерпаздарының “Ауылым – алтын тұғырым” атты гала-концерттік бағдарламасымен жалғасын жалғасын тапты.
Айта кетейік айтулы мерекеде “Үздік өнерлі ауыл” бағамымен Хан Ордасы ауылы марапатталып, 2025 жылы ауылдық мәдениет үйін жаңадан материалдық базамен қамтамасыз етуге 2 миллион сертификат ұтып алды.
Ақсәуле Әлжанова,
Бөкей ордасы ауданы