22.11.2025, 11:30
Оқылды: 101

Бөкейде көпбалалы аналар дойбыдан сынға түсті

Бөкей ордасы аудандық «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігі мен аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен көп балалы аналар және түрлі жұмысшы мамандық иелерінің арасында дойбыдан жарыс өтті. Жергілікті деңгейде өткен бұл сайысқа он екі  ана қатысып, өз шеберліктерін сынға салды.

IMG-20251121-WA0059

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева қатысушыларға сәттілік тілеп, әйелдердің қоғамдық шараларға белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды.

IMG-20251121-WA0061

«Көп балалы аналардың тек үй тірлігі мен бала тәрбиесінен бөлек, өз-өздерін дамытуға көңіл бөліп, осындай шараларға қалмай қатысуы – құптарлық. Алдағы уақытта да қоғамдық шаралардан қалыс қалмай, белсенділіктерізді жоғалтып алмаңыздар», - деді ол.

IMG-20251121-WA0055
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Гүлбахрам Оразбаева  жеңімпаз атанса, Гүлсезім Аюпова екінші орынға ие болды, Жанаргүл Қауысова үздік үштікті түйіндеді.

IMG-20251121-WA0049
Сонымен қатар, өзге қатысушылар да белсенділігі үшін арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.

IMG-20251121-WA0070

IMG-20251121-WA0069
Нұрай Таубай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале