16.06.2024, 22:17
Оқылды: 79

Бөкейде Құрбан айт мейрамы аталып өтті

Құрбан айт – мұсылмандар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, көңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлап, мұқтаж адамға қайырымдылық көрсетіп, қуанышқа бөлейтін мейірім мерекесі. Бүгін айттың мақсаты да осы.

IMG-20240616-WA0268

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы мешітте Құрбан айт намазы оқылды.
Су жаңа имамымыз Мұхамед-Әли Медетұлы Құрбан айт мерекесі және құрбандықты шалу туралы түсініктер берді.

IMG-20240616-WA0225
Айтқа орай арқан тартыс, садақ ату, қол күресі және табан тартыс сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті.

IMG-20240616-WA0210
Табан тартыстан Жұмабайұлы Райымбек І орын, Кереев Бексұлтан ІІ орын, Әділбекұлы Шерхан ІІІ орын иеленді. Қол күрестен Меңдешев Баймырзаға тең келетін ешкім болмады. Әділбекұлы Шерхан мен Темрешев Ернар үздік үштіктің түйіндеді. Ал арқан тартыста 1990 жылғылар қара күштен басым түсіп, І орын алса, ІІ, ІІІ орындарда Жамағат пен Ардагерлер командасы өзара бөлісті.

IMG-20240616-WA0156
Садақ атуда Кереев Нұрдәулет сұрмерген танылып, І орын алса, Жұмағалиев Амантай ІІ орын, Омарғалиев Мейрамбек ІІІ орын иеленді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале