29.01.2025, 0:00
Оқылды: 44

Бөкейде өткен жиында мәселелер талқыланып, тапсырма берілді

Бүгін Бөкей ордасы ауданының қожалық иелері, кәсіпкерлері мен сала, дербес мекеме басшыларының басын қосқан кеңес отырысы өтті.

IMG-20250128-WA0081

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен өткен бұл жиында мал шаруашылығына қатысты келелі мәселелер талқыланып, ауданымыз бойынша «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы таразыланды.

IMG-20250128-WA0067

Алдымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумов баяндама жасап, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған іс-шаралар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар турасында хабарлама жасады.

Бұдан өзге кеңес отырысына арнайы келген  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин, «Aqjaiyq» «Aqjaiyq» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Досмақов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Марат Отаралиевтер де өз салалары бойынша есеп берді. Мәселенки,  Нұржан Мақсотов жер қатынастарына қатысты заңнамадағы өзгерістерге тоқталып, конкурсқа түскенде АӨШК, кооперативтерге басымдық берілетінін айтса, Жасұлан Халиуллин ауыл шаруашылығы жерінің тозып, шөлейттенуіне орай тамшылатып суару әдісімен егіс егу жұмыстарына қарқын беру керектігін айтып, мұндай жобаны қолға алуға ниет танытқандарға үкімет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ал Абзал Бралиев мал қорымының қажеттілігін, мал санын нақты беру - мал саулығының кепілі екенін айтты.

IMG-20250128-WA0078

Қожалық иелері көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, мардымды жауап алды. Таратып айтсақ, Мырзабай Боранбаев суармалы егістік тиімді   болғанымен жайылымдық жердің тапшылығын айтты. Мырзабай ағамыз көтерген мәселе тек бұл емес. Мал шаруашылығына берілетін несиенің қайтарым уақытын ұзарту керектігін де алға тартты. Оның айтуынша, несие алған шаруа несиеге алған малдан төл алып, өнімділігін көріп үлгермейді, алған малы сол несиені жабуға ғана жетеді екен. Қайрат Насимоллин киік өлексесін жинауға міндеттелген округ әкімдіктерінің   материалдық- техникалық базасын жақсартып, жағдайларын жақсарту керектігін мәселе ғып көтерді. Мұратсайлық Дәурен Насимоллин ауыл тұрғындарының бас ауруына айналған су бөгетінің мәселесін ортаға салды.

IMG-20250128-WA0068

Отырыс соңында басқарма басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдаса, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин округ әкімдеріне бағдарламаның орындалу барысы бойынша жиын өткізді.

Ұлпан Әнуарқызы

Суретке түсірген Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале