Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен ағымдағы мәселелерді талқылаған алқалы жиын өтті. Жиынға онлайн-оффлайн форматта тиісті сала басшылар мен округ әкімдері қатысты.
Алдымен аудан басшысы өткен аптадағы айшықты шаралар республикалық референдум мен алыптарымыздың ғасырлық тойын жоғары дәрежеде өткізуіне атсалысқандары үшін әріптестеріне ризашылығын білдірді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушы тасымалы бөлімінің басшысы Медет Сисенов "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы, облыстық "Үлгілі ауыл" байқауы турасыгда мәлімет беріп, терек егу науқаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Межелі жоспарға қол жеткізбеген округьер айтылып, әкімдерінен сол жерде-ақ түсініктеме алынды. Округ әкімдерінің айтуынша, жоспардың орындалуына жер аумағының тарлығы, суару көлігінің жоқтығы сылтау болды. Жасыл аймақ бойынша жоспарды түгел орындаған Бисен мен Мұратсай ауылдық округтері екен.
Өз кезегінде сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы Данагүл Ғайнуллина алдағы демалыста өтетін дала қызықтарына дайындық барысы туралы хабардар етті.
Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Ерболат Сержанов қайырымдылық айында атқарылып жатқан іс-шаралар турасында баяндады. Баяндамашының айтуынша, айлық аясында қарияларға дастархан жайылып, концерт қойылған. Округ қарияларының музей-қорыққа саяхаты ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызілікті қарияларға демеушілеріміз мал азығын түсіріп, сый-сыяпат көрсетіпті. Әлеуметтік қызметкерлердің басшылығымен жалғызілікті жандардың үйлерін, қора-қопсыларын жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстары жүргізілген.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев басылымдарға жазылу науқаны басталғанынан хабардар етіп, белгіленген жоспармен таныстырды.
Осы орайда аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қайырымдылық негізінде жазылым шараларын қолға алуды тапсырды.
Бұдан өзге де жылыту маусымына дайындық, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан нысандардағы құрылыс жұмыстарын уақтылы орындалуын қадағалау мәселелері де талқыланды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы