31.05.2025, 15:00
Оқылды: 285

Бөкейде саяси қуғын сүргін құрбандарына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды

Бүгін Бөкей ордасы ауданының аға буыны бастап, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары «Қару аманаты» саябағында бас  қосып, ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

IMG-20250531-WA0030

Бір минут үнсіздіктен кейін аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов пен еңбек ардагері Жасқайрат Сұлтанғалиевтер бастаған қауым ескерткіштерге гүлшоқтарын қойып, қолдан жасалған қасірет құрбандарының рухына тағзым етті.

IMG-20250531-WA0012

Естеріңізге сала кетсек,   1997 жылдан бері 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.

IMG-20250531-WA0021

IMG-20250531-WA0025

IMG-20250531-WA0031

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале